> Ақаулықтарды шешу > Сия деңгейлерін ауыстыру уақыты келді > Сия картридждерін ауыстыру (Сия шамы — өшірулі болғанда)

Сия картридждерін ауыстыру (Сия шамы — өшірулі болғанда)

Абайлаңыз:

Принтер қақпағын ашқанда немесе жапқанда қолыңызды немесе саусақтарыңызды қысып алмаңыз. Кері жағдайда, жарақат алуыңыз мүмкін.

  1. Принтердің қақпағын ашыңыз.

  2. түймесін 10 секунд басып тұрыңыз.

    түймесін басыңыз.

    Сия картриджінің ұстағышы белгішесіне жылжиды. Осы күйде картридждерді ауыстыру мүмкін емес.

    түймесін қайтадан басыңыз.

    Сия картриджін ұстағыш ауыстыру күйіне жылжиды.

    Ескертпе:

    Сия картриджын ауыстыруды болдырмау үшін сия картридждарын орнатулы ұстап, принтерді өшіріңіз.

  3. Жаңа сия картриджін орамынан алыңыз.

    Маңызды:

    Картридждерді орамды ашқан соң шайқамаңыз, себебі сия ағып кетуі мүмкін.

  4. Сия картриджінің қақпағын көтеріп, алып тастаңыз.

    Маңызды:

    Суретте көрсетілген бөліктерге тимеңіз. Солай жасау қалыпты жұмыс істеуді және басып шығаруды болдырмайды.

  5. Сия картриджін алу үшін құлақшаны басыңыз, ал шығарып алу үшін оны диагональ бойынша көтеріңіз.

  6. Жаңа сия картриджін ұшы жағынан диагоналі бойынша салып, ақырын итеріңіз. Ол дұрыс енгізілгенде, “сырт” еткен дыбыс естисіз.

  7. Принтердің қақпағын жабыңыз.

  8. түймесін басыңыз.

    Сияны толтыру басталады.

    Маңызды:

    Сия картриджін орнатқаннан кейін, принтер сия толтырып жатқанда қуат және сия шамы үздіксіз жыпылықтайды. Сия толтыру кезінде принтерді өшірмеңіз. Толтыру шамамен екі минут алады. Сияны толтыру толық орындалмаса, басып шығару мүмкін болмайды.

    Ескертпе:

    шамы өшпесе, сия картриджын шығарып, қайта салып көріңіз.