Топтық саясатты конфигурациялау

Топтық саясат пайдаланушыға немесе пайдаланушы тобына қолданылатын бір немесе бірнеше ереже болып табылады. Принтер конфигурацияланған саясаттармен сәйкес келетін IP жинақтарын қадағалайды. IP жинақтары 1 мен 10 аралығындағы топтық саясат, сосын әдепкі саясат ретімен аутентификацияланады.

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден конфигурациялағыңыз келетін желінің (стандартты/қосымша) IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > (Стандартты немесе Қосымша) > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Network Security қойындысы > IPsec/IP Filtering > Basic

  4. Конфигурациялағыңыз келетін нөмірленген қойындыны басыңыз.

  5. Әр элемент үшін мән енгізіңіз.

  6. Next түймесін басыңыз.

    Растау хабары көрсетіледі.

  7. OK түймесін басыңыз.

    Принтер жаңартылды.