Компьютерден Құлыптау параметрі мүмкіндігін қосу

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден конфигурациялағыңыз келетін желінің (стандартты/қосымша) IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > (Стандартты немесе Қосымша) > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Құпиясөзді енгізіп, содан соң OK түймесін басыңыз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Device Management қойындысы > Control Panel

  4. Panel Lock бөлімінде ON параметрін таңдаңыз.

  5. OK түймесін басыңыз.

  6. Принтердің басқару тақтасының негізгі экранында мәтіні көрсетілетінін тексеріңіз.