Қолданбаларға кіруді шектеу

Принтерге кіре алатын қолданбаларды пайдалануды шектейді. Кіруді шектеуге болатын қолданбалар үлгіге байланысты өзгешеленеді.

  1. Web Config қызметіне кіру үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

    Принтеріңізбен бірдей желіге қосылған компьютерден принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

    Келесі мәзірден принтердің IP мекенжайын тексеруге болады.

    Параметрлер > Жалпы параметрлер > Желі параметрлері > Желі күйі > Сымды LAN/Wi-Fi күйі

  2. Әкімші ретінде кіру үшін әкімші құпиясөзін енгізіңіз.

  3. Келесі ретпен таңдаңыз.

    Product Security қойындысы > Application

  4. Шектегіңіз келетін қолданбалардың құсбелгісін алып тастаңыз.

  5. OK түймесін басыңыз.

Болашақта шектеуді болдырмау үшін рұқсат бергіңіз келетін қолданбаны таңдаңыз.