Әкімші құпиясөзінің әдепкі мәні, суретте көрсетілгендей, өнімнің өзінің жапсырмасында басып шығарылады.

(1) және (2) жапсырмаларының екеуі де жапсырылса, (1) жапсырмасында жазылған PASSWORD жанындағы мән әдепкі мән болып табылады. Осы мысалда әдепкі мән — 03212791.
(1) жапсырмасы көру қиын орынға жапсырылса, орнын растау үшін сілтемедегі ақпаратты тексеріңіз.
(1) жапсырмасын таба алмасаңыз, (2) жапсырмасында басып шығарылған сериялық нөмір әдепкі мән болып табылады. Осы мысалда әдепкі мән — X3B8153559.