>
Сканерлеу >
Сканерлеуге арналған мәзір параметрлері
Сканерлеуге арналған мәзір параметрлері
Кейбір элементтер сіз таңдаған сканерлеу әдісіне немесе басқа да сіз орнатқан параметрлерге байланысты қолжетімді болмауы мүмкін.
Сканерлеуге арналған мәзір параметрлері
Түс режимі
Түсті немесе бір түсті етіп сканерлеуді таңдаңыз.
Файл пішімі
Файл пішімін таңдаңыз.
Бет параметрі
PDF, шағын PDF, PDF/A, шағын PDF/A немесе TIFF параметрін файл пішімі ретінде таңдағанда, барлық түпнұсаны бір файл (көп бетті) немесе әр түпнұсқаны бөлек (бір бет) сақтауды таңдаңыз.
Қысым коэффициенті
Суретті қаншалықты сығымдау керектігін таңдаңыз.
PDF параметрлері
Сақтау пішімінің параметрі ретінде PDF форматын таңдаған кезде, PDF файлдарын қорғау үшін осы параметрлерді пайдаланыңыз.
Ашқан кезде құпия сөзді талап ететін PDF файлын жасау үшін Құжатты ашу құпиясөзі параметрін орнатыңыз. Басып шығарғанда немесе өңдегенде құпия сөзді талап ететін PDF файлын жасау үшін Рұқсаттар құпиясөзі. параметрін орнатыңыз.
OCR
Сканерленген суретті іздеуге болатын PDF форматында сақтауыңызға болады. Бұл іздеу мүмкіндігі бар мәтіндік деректер енгізілген PDF.
Түпнұсқалардағы мәтін оптикалық таңбаларды тану (OCR) арқылы анықталады, содан кейін сканерленген суретке ендіріледі.
Бұл элемент Компьютерге, Бұлтқа, Қоймаға, немесе Бұлтқа сақтау мәзірін пайдаланған кезде қолжетімді емес.
Ескертпе:
Түпнұсқаға байланысты мәтін дұрыс анықталмауы мүмкін.
Тіл: Түпнұсқа мәтіннің тілін таңдаңыз.
Бағдар беті: Суреттіі шығу бағытын таңдаңыз. Түпнұсқадағы анықталған мәтіннің бағытына сәйкес суоетті автоматты түрде бұру үшін Автоматты бұру таңдаңыз.
Сканерлеу аймағын таңдаңыз. Сканер әйнегінің ең көп аумағын сканерлеу үшін Максималды аймақ параметрін таңдаңыз.
Бағдар (түпнұсқа):
Түпнұсқаның бағытын таңдаңыз.
Түпнұсқа түрі
Түпнұсқаңыздың түрін таңдаңыз.
Бағдар (түпнұсқа)
Түпнұсқаның бағытын таңдаңыз.
Аралас өлш. түпн-р
Өлшемдердің келесі тіркесімін АҚБ құралына бір уақытта қоюға болады.
A4 және A5
Осы тіркесімдерді қолданған кезде түпнұсқалар түпнұсқалардың нақты өлшемінде сканерленеді. Түпнұсқалардың енін төменде көрсетілгендей туралау арқылы түпнұсқаларды қойыңыз.
Интенсивтілік
Сканерленген кескіннің контрастын таңдаңыз.
Фонды жою
Фонның күңгірттігін таңдаңыз. Фонды ашық ету (ағарту) үшін + түймесін және күңгірттеу (қарайту) үшін - түймесін түртіңіз.
Авто тармағын таңдасаңыз, түпнұсқалардың фондық түстері анықталады және автоматты түрде жойылады немесе ағартылады. Фондық түс тым күңгірт немесе анықталмаса, ол дұрыс қолданылмайды.
Көлеңкені жою
Сканерленген кескінде көрсетілетін түпнұсқаның көлеңкелерді алып тастайды.
Жақтау:
Түпнұсқаның жиегіндегі көлеңкелерді алып тастайды. 2 жақты түпнұсқаларды сканерлеу кезінде артқы жағына арналған аймақты теңшеу үшін Артқы бет таңдаңыз.
Ортаңғы жағы:
Буклеттің біріктіру жиегінің көлеңкелерін алып тастайды.
Тесілген саң. алу
Сканерленген кескінде көрсетілетін тесілген саңылауларды алып тастайды. Оң жақтағы ұяшыққа мәнді енгізу арқылы тесілген саңылауларды өшіру үшін аймақты көрсетуге болады.
Жою күйі:
Тесілген саңылауларды алып тастау үшін күйді таңдаңыз.
Бағдар (түпнұсқа):
Түпнұсқаның бағытын таңдаңыз.
Бос бетт. өткізіп жіб.
Егер түпнұсқада болса, сканерлеген кезде бос беттерді өткізіп отырыңыз.
Егер нәтиже күткендей болмаса, анықтау деңгейін реттеңіз.
Ескертпе:
Кейбір беттер бос деп қате жіберілуі мүмкін.
Үзд. сканерлеу(ADF)
Түпнұсқалардың көп мөлшерін ADF ішіне бумамен салып, бір сканерлеу тапсырмасы ретінде сканерлеуге болады.
Файлды сақтау
Сканерленген кескінді сақтау құралына сақтауға болады.
Параметр:
Сақтау құрылғысына тек сканерленген кескінді сақтауды не сақтамауды таңдаңыз.
Қалта (қажет):
Сканерленген кескінді сақтайтын сақтау құралын таңдаңыз.
Файл атауы:
Файл атауын орнатыңыз.
Файл құпия сөзі:
Файлды таңдау үшін құпиясөзді орнатыңыз.
Пайдаланушы аты:
Пайдаланушы атын орнатыңыз.
Қызыл түсті өшіру
Сканерленген суреттен қызыл жазбаларды жою.
Бұл элементті Компьютерге, Жад құрылғысына сақтау, Электрондық поштаға сақтау, Желілік қалтаға/FTP жүйесіне сақтау немесе Бұлтқа сақтау мәзірі пайдаланылған кезде, қолжетімді емес.