Қолжетімді қосымша элементтерді реттеу — Windows PostScript

Ескертпе:

Компьютерге әкімші ретінде кіріңіз.

  1. Принтер сипаттарынан Құрылғы параметрлері қойындысын ашыңыз.

    • Windows 11
      Бастау түймесін басып, Параметрлер > Bluetooth және құрылғылар > Принтерлер және сканерлер тармағын таңдаңыз. Принтерді таңдаңыз > Принтердің парамертлері, содан кейін Құрылғыны орнату қойындысын басыңыз.
    • Windows 10/Windows Server 2022/Windows Server 2019/Windows Server 2016
      Бастау түймесін басып, Windows жүйесі > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз. Принтерді оң жақ пернемен басыңыз не оны басып ұстап тұрыңыз, Принтер сипаттары тармағын таңдап, Құрылғы параметрлері қойындысын басыңыз.
    • Windows 8.1/Windows 8/Windows Server 2012 R2/Windows Server 2012
      Жұмыс үстелі > Параметрлер > Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағын таңдаңыз. Принтерді оң жақ пернемен басыңыз не оны басып ұстап тұрыңыз, Принтер сипаттары тармағын таңдап, Құрылғы параметрлері қойындысын басыңыз.
    • Windows 7/Windows Server 2008 R2
      Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Құрылғылар мен принтерлерді көру түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз. Принтерді тінтуірдің оң жағымен басып, Принтер сипаттары тармағын таңдаңыз, сосын Құрылғы параметрлері қойындысын басыңыз.
    • Windows Server 2008
      Бастау түймесін басып, Басқару тақтасы > Принтерлер түймесін Жабдық және дыбыс тармағынан таңдаңыз. Принтерді тінтуірдің оң жағымен басып, Сипаттар тармағын таңдаңыз, сосын Құрылғы параметрлері қойындысын басыңыз.
  2. Орнатылатын опциялар параметрінен қосымша құрылғы тармағын таңдаңыз.

  3. OK түймесін басыңыз.