Лицензия кілтін Web Config көмегімен тіркеу (жеке тіркелу)

Егер сіз лицензия кілтін принтерге жеке түрде тіркегіңіз келсе, Web Config функциясын пайдаланыңыз.

Ескертпе:

Сондай-ақ принтердің басқару тақтасынан реттеуге болады.

Параметрлер > Жалпы параметрлер > Жүйе әкімшілігі > Кеңейтілген мүмкіндіктер

  1. Web Config іске қосу үшін принтердің IP мекенжайын браузерге енгізіңіз.

  2. Log in түймесін басыңыз.

  3. Current password бөлімінде әкімшінің құпиясөзін енгізіңіз.

  4. OK түймесін басыңыз.

  5. Device Management қойындысын > Advanced Features таңдаңыз.

  6. Пайдаланғыңыз келетін кеңейтілген функция үшін License Key жолағына лицензия кілтін енгізіңіз.

  7. Activation түймесін басыңыз.

    «Reboot required» хабары көрсетіледі.

  8. Reboot түймесін басыңыз.

  9. Қайта іске қосу туралы хабар көрсетілгенде, OK түймесін басыңыз.

    Принтер қайта іске қосылады.

    Принтерді қайта іске қосқаннан кейін Web Config экранын жаңартыңыз. «Activated» хабары көрсетілетін болса, кеңейтілген функция қолжетімді болады.