Өздігінен қол қойған сертификатты (Mac OS) импорттау

Өздігінен қол қойылған сертификат импортталғаннан кейін, сіздің браузеріңіз Web Config іске қосылған кезде, ескертуді көрсетуді тоқтатады. Толық ақпарат пен өздігінен қол қойылған сертификаттарға қатысты қауіпсіздік шаралары үшін әкімшіңізге хабарласыңыз.

Ескертпе:
  • Өздігінен қол қойылған сертификатты импорттау әдісі сіздің ортаңызға байланысты.

  • Жұмыс әдісі ОЖ нұсқасына байланысты өзгеруі мүмкін.

  1. Web Config қызметіне қол жеткізу үшін браузерге принтердің IP мекенжайын енгізіңіз.

  2. Network Security қойындысын таңдаңыз.

  3. Download түймесін басыңыз,

    Өздігінен қол қойылған сертификат жүктеледі.

  4. Жүктелген сертификатты екі рет басыңыз.

    Keychain Access импортталған өздігінен қол қойылған сертификатпен іске қосылады.

  5. Keychain Access экранында Certificates дегенді басыңыз және импортталған сертификатты екі рет басыңыз.

  6. Ашылған экранда келесі элементтерді таңдаңыз.

    Сену > Осы сертификатты пайдаланған кезде > Әрқашаш сену

  7. Импорттауды аяқтау үшін экранды жабыңыз.

    Импортталған, өздігінен қол қойылған сертификатты көрсету үшін браузерді қайта іске қосыңыз.