Егер MAC мекенжайларын сүзу қосылса, принтердің MAC мекенжайын сүзгіден өтпейтіндей тіркеңіз. Мәліметтер алу үшін сымсыз роутермен бірге берілген құжаттаманы қараңыз. Принтердің MAC мекенжайын желі қосылымы есебіндегі Network Status бөлігінен тексере аласыз.
Егер сымсыз роутер ортақ пайдаланылатын аутентификацияны WEP қауіпсіздік түрімен пайдаланса, аутентификация кілті мен индексі дұрыс екенін тексеріңіз.
Егер сымсыз роутердегі қосуға болатын құрылғылардың саны қосу қажет желі құрылғыларының санынан аз болса, қосуға болатын құрылғылардың санын ұлғайту үшін сымсыз роутерде реттеулерді жасаңыз. Мәліметтер алу үшін сымсыз роутермен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
Сымсыз роутерді өшіріңіз. 10 секундтай күтіп, қосыңыз.
Принтердің желі параметрлерін қайта конфигурациялаңыз.