Сканерлеу уақыты ұзақ

  • Жоғары ажыратымдылық, кескін реттеу мүмкіндіктері, файл пішімі және тағы сол сияқты сканерлеу шарттарына байланысты сканерлеу жылдамдығы баяулауы мүмкін.

  • Егер USB хабын пайдалансаңыз, сканерді компьютерге тікелей жалғап көріңіз.

  • Қауіпсіздік бағдарламалық құралын пайдаланғанда, бақылаудан TWAIN.log файлын алып тастаңыз немесе TWAIN.log файлын тек оқуға арналған файл ретінде орнатыңыз. Қауіпсіздік бағдарламалық құралының функциялары туралы қосымша ақпарат алу үшін анықтаманы және бағдарламалық құралмен бірге берілетін құжаттарды қараңыз. TWAIN.log файлы келесі орындарға сақталады.

    C:\Users\(пайдаланушы аты)\AppData\Local\Temp