Түпнұсқа реттеу белгілеріне қарсы дұрыс орналастырылғанын тексеріңіз.
Егер сканерленген кескіннің жиектері жоқ болса, түпнұсқаны сканер әйнегінің жиектерінен сәл жылжытыңыз.
Егер түпнұсқа қалың болса, оны сканер әйнегінің ортасына қойыңыз. Мысалы, шамдардан немесе басқа көздерден шығатын сыртқы жарық сканер әйнегіне түспеуі керек.
Сканерлеуге болатын түпнұсқаның ең үлкен өлшемі 215,9×297,1 мм (8.5×11.7 in.).
Сканер әйнегінің үстіңгі, төменгі, сол және оң жиектерінде сканерленбейтін аймақтар бар.
Үсті: 1,5 мм (0.06 in.)
Сол: 1,5 мм (0.06 in.)
Оң: 8 мм (0.31 in.)
Асты: 15 мм (0.59 in.)
Жиегін түзету бөліміндегі параметрлерді тексеріңіз. Қосылғанда, кескіннің жиектері түзетіледі. Параметрді өзгертіп көріңіз.
Document Capture Pro (Windows)/Document Capture (Mac OS X): Epson Scan 2 терезесін ашу үшін Scan Settings экранындағы Detailed Settings түймесін басыңыз. Кеңейтілген параметрлер қойындысында Жиегін түзету бөлімінен Жоқ параметрін таңдаңыз.
Epson Scan 2: Кеңейтілген параметрлер қойындысында Жиегін түзету бөлімінен Жоқ параметрін таңдаңыз.