Сканерленген кескіндер көмескіленіп немесе сызылып қалған болса, сканер әйнегін тазалаңыз.
Сканерді ешқашанда алкоголь, жұқартқыш немесе еріткіш құралдармен тазаламаңыз. Бұл деформацияға немесе түссізденуіне әкелуі мүмкін.
Сканерге қандай да бір сұйықтықты немесе майлағыш майларды жақпаңыз. Жабдықтың немесе тізбектің зақымдалуы жұмыстың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Сканердің корпусын ешқашан ашпаңыз.
Құжат қақпағын ашыңыз.

Жұмсақ, құрғақ шүберекті дайындап қойыңыз.

Сканер әйнегіндегі дақтарды сүртіп алыңыз.

Әйнек бетіне тым күш салмаңыз.
Щетканы немесе қатты құралды пайдаланбаңыз. Әйнектегі кез келген сызықтар сканерлеу сапасына әсер етуі мүмкін.
Егер әйнек бетінде май немесе кетіруге қиын материал болса, оны кетіру үшін жұмсақ шүберекке аздап әйнек тазалағыш құралын қосып тазалаңыз. Дақтарды кетіргеннен кейін, ылғал қалдырмау түгел сүртіңіз.
Сканер әйнегін тазалау үшін Epson тазалау жинағын пайдалануға болмайды.
Құжат қақпағын жабыңыз.
