Қате индикаторлары

Индикатор

Күй

Шешімдері

Өшірулі

Жыпылықтау

Түпнұсқалар ADF құралында кептелген.

ADF қақпағын ашып, кептелген түпнұсқаларды алып тастаңыз. Қатені жою үшін ADF қақпағын жабыңыз. Түпнұсқаларды қайта салыңыз.

Өшірулі

Қосулы

ADF қақпағы ашық.

ADF қақпағын жабыңыз.

Сканер қалпына келтіру режимінде іске қосылды, себебі микробағдарламаның жаңартуы сәтсіз аяқталды.

Микробағдарламаны қайта жаңартып көру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

1. Компьютер мен сканерді USB кабелі арқылы жалғаңыз.

2. Epson негізгі бетінен ең соңғы микробағдарлама нұсқасын жүктеп алып, содан соң жаңартуды бастаңыз.

Жылдам жыпылықтау

Жылдам жыпылықтау

Күрделі қате пайда болды.

Қуатты өшіріп, қайта қосыңыз. Егер қате кетпесе, жергілікті дилерге хабарласыңыз. АҚШ аймағында, Канадада және Латын Америкасында Epson қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз.