Бір уақытта бірнеше түпнұсқаны қою

Сканер әйнегінен сканерлегенде, бірнеше түпнұсқаны бір-бірден сканерлемей, бәрін бірге сканерлеуге болады. Олар бөлек кескіндерге автоматты түрде кесіліп, сақталады. Бұл мүмкіндік стандартты өлшемдегі түпнұсқаларды ғана емес, түбіртек, шот-фактуралар және әртүрлі өлшемді фотосуреттер сияқты дұрыс емес пішінді құжаттарды да қолдайды.

Ескертпе:

Қалың түпнұсқаларды сканерлегенде, мысалы, шамдардан немесе басқа көздерден шығатын сыртқы жарық сканер әйнегіне түспеуі керек. Кескінді автоматты түрде кесу мүмкіндігі істемеуі мүмкін.

  1. Құжат қақпағын ашыңыз.

  2. Әрбір түпнұсқаны сканер әйнегіне төмен қаратып қойыңыз. Түпнұсқаларды мына талаптарға сәйкес келетіндей етіп қойыңыз.

    • Әрбір түпнұсқаны мына аралықтарға сәйкес сканер әйнегінің жиектерінен алысырақ қойыңыз:
      • Үсті: 6 мм (0.24 in.)
      • Сол: 6 мм (0.24 in.)
      • Оң: 12 мм (0.47 in.)
      • Асты: 20 мм (0.79 in.)
    • Әрбір түпнұсқаның арасында кемінде 20 мм (0.79 in.) саңылау қалдырыңыз.
    • Түпнұсқалардың өлшемі кемінде 20×20 мм (0.79×0.79 in.) болуы қажет.
  3. Сканердің қақпағын түпнұсқа жылжып кетпейтіндей етіп жайлап жабыңыз.

Сканерлегенде, «Сканерлеу параметрлері» экранында Құжат өлшемі параметрін Автоматты түрде анықтау күйіне орнатыңыз.

  • Document Capture Pro/Document Capture функциясын пайдаланғанда: «Сканерлеу параметрлері» экранында Document Size параметрін Auto Detect күйіне орнатыңыз.

  • Epson Scan 2 функциясын пайдаланғанда: Негізгі параметрлер бөлімінде Құжат өлшемі параметрін Автоматты түрде анықтау күйіне орнатыңыз. Алдын ала қарағанда, бүкіл сканерленетін аймақ көрсетіледі. Таңдалған Скан. кейін бетт. қосу не өңдеу параметрімен сканерлеуді және сақтау алдында өңдеу экранында сканерленген кескінді тексеруді ұсынамыз.