> Сканерлеу > Компьютерден сканерлеу > Epson Scan 2 пайдалану арқылы сканерлеу

Epson Scan 2 пайдалану арқылы сканерлеу

Мәтіндік құжаттарға жарамды толық параметрлер арқылы түпнұсқаларды сканерлеуге болады.

  1. Түпнұсқаны қойыңыз.

  2. Epson Scan 2 бағдарламасын іске қосыңыз.

    • Windows 11
      Бастау түймесін басып, All apps > EPSON > Epson Scan 2 таңдаңыз.
    • Windows 10/Windows Server 2022/Windows Server 2019/Windows Server 2016
      Бастау түймесін басыңыз, содан соң EPSON > Epson Scan 2 параметрін таңдаңыз.
    • Windows 8.1/Windows 8/Windows Server 2012 R2/Windows Server 2012
      Іздеу жолағына қолданба атауын енгізіп, көрсетілетін белгішені таңдаңыз.
    • Windows 7/Windows Server 2008 R2/Windows Server 2008
      Бастау түймесін басып, Барлық бағдарлама немесе Бағдарламалар > EPSON > Epson Scan 2 > Epson Scan 2 қолданбасын таңдаңыз.
    • Mac OS
      Өту > Қолданбалар > Epson Software > Epson Scan 2 тармағын таңдаңыз.
  3. Негізгі параметрлер қойындысындағы келесі параметрлерді орнатыңыз.

    • Құжат көзі: түпнұсқа орналасатын көзді таңдаңыз. Автоматты түрде анықтау параметрі таңдалғанда және ADF құрылғысында да, сканер әйнегінде де болса, ADF құрылғысынан сканерлеу басымды болады.
    • Сканерленетін жақ: ADF ішінен сканерлеген кезде, сканерлеу қажет түпнұсқаның бір жағын таңдаңыз. Түпнұсқалардың екі жағын да сканерлеу үшін, Екі жақтық тармағын таңдаңыз.
    • Құжат өлшемі: орналастырған түпнұсқаның өлшемін таңдаңыз.
      Стандартты емес өлшемдердегі түпнұсқаларды жүктегенде, реттеулерді жасауға қатысты мына бөлімді қараңыз.
      • Сканер әйнегіне бір уақытта бірнеше түпнұсқаны қойғанда: Автоматты түрде анықтау параметрін таңдаңыз.
      • Ұзын қағазды ADF құралына жүктегенде: реттелмелі өлшем жасау үшін Ав. түр. ан. (ұз. қағ.) немесе Реттеу параметрін таңдаңыз.
      • Егер сканерлеу қажет түпнұсқаның өлшемі тізімде болмаса: реттелмелі өлшем жасау үшін Автоматты түрде анықтау немесе Реттеу параметрін таңдаңыз.
    • / (Бастапқы бағдар) пернелері: орналастырған түпнұсқаның орнатылған бағдарын таңдаңыз. Түпнұсқаның өлшеміне байланысты, осы элемент автоматты түрде орнатылуы және өзгертілмеуі мүмкін.
    • Кескін түрі: сканерленген кескінді сақтау үшін пайдаланатын түсті таңдаңыз.
    • Ажыратымдылық: ажыратымдылықты орнатыңыз.
    Ескертпе:

    Негізгі параметрлер қойындысында келесі параметрлерді де орнатуға болады.

    • Кескін бір-у: түпнұсқаның екі жағын да сканерлеген кезде, алдыңғы және артқы жағындағы кескіндерді біріктіру үшін таңдаңыз.

    • Бұру: түпнұсқаны сағат бағытымен бұрып сканерлеу үшін таңдаңыз.

    • Құжат ауытқуын түзету: түпнұсқаның қисығын түзету үшін таңдаңыз.

    • Скан. кейін бетт. қосу не өңдеу: сканерлеген соң әртүрлі түпнұсқаларды қосу немесе сканерленген беттерді өңдеу (бұру, жылжыту және жою) үшін таңдаңыз.

    • Бос беттерді өткізіп жіберу: ADF құралынан сканерлегенде түпнұсқалардағы қандай да бір бос беттерді өткізіп жіберу үшін таңдаңыз.

    Жасаған басқа реттеулерге байланысты кейбір элементтер қолжетімді болмауы мүмкін.

  4. Қажет болса, басқа сканерлеу параметрлерін жасаңыз.

    • Қарап алу түймесін басу арқылы сканерленген кескінді алдын ала қарауға болады. Алдын ала қарау терезесі ашылып, алдын ала қаралған кескін көрсетіледі.
      ADF көмегімен алдын ала қарау әрекетін орындаған кезде ADF бөлімінен түпнұсқа шығарылады. Шығарылған түпнұсқаны қайта салыңыз.
    • Кеңейтілген параметрлер қойындысында келесі сияқты мәтіндік құжаттамаларға үйлесімді толық параметрлер арқылы кескін реттеулерін жасауға болады.
      • Фонды жою: түпнұсқалардың фонын жояды.
      • Мәтінді жақсарту: бұлыңғыр әріптерді түпнұсқада анық әрі айқын етуге болады.
      • Аумақты автоматты түрде бөлу: кескіндері бар құжатты қара және ақ сканерлеген кезде, әріптерді таза және кескіндерді анық етуге болады.
      • Тастап кету: сканерленген кескін үшін көрсетілген түсті жойып, оны сұр реңкте немесе қара және ақ түспен сақтауға болады. Мысалы, сканерлегенде жиектерге түсті қаламмен жазған белгілер мен жазбаларды өшіруге болады.
      • Түстерді күшейту: сканерленген кескін үшін көрсетілген түсті жақсартып, оны сұр реңкте немесе қара және ақ түспен сақтауға болады. Мысалы, ашық түсті әріптерді немесе сызықтарды күшейтуге болады.
    Ескертпе:

    Жасаған басқа реттеулерге байланысты кейбір элементтер қолжетімді болмауы мүмкін.

  5. Файл сақтау параметрлерін орнатыңыз.

    • Кескін пішімі: тізімнен сканерленген кескінді сақтауға арналған файл пішімін таңдаңыз.
      BITMAP және PNG пішімінен басқа әрбір файл пішімі үшін толық реттеулерді жасауға болады. Сақтау пішімін таңдағаннан кейін тізімнен Опциялар параметрін таңдаңыз.
    • Файл аты: көрсетілген файл атауын растаңыз.
      Тізімнен Параметрлер параметрін таңдау арқылы файл атауы үшін параметрлерді өзгертуге болады.
    • Қалта: тізімнен сканерленген кескінге арналған сақтау қалтасын таңдаңыз.
      Тізімнен Таңдау параметрін таңдау арқылы басқа қалтаны таңдауға немесе жаңа қалта жасауға болады.
  6. Сканерлеу түймесін басыңыз.

    Ескертпе:

    Сондай-ақ сканердің басқару тақтасындағы түймесін басу арқылы сканерлеуді бастауға болады.

    Сканерленген кескін көрсеткен қалтаға сақталады.