Мәтіндік құжаттарға жарамды толық параметрлер арқылы түпнұсқаларды сканерлеуге болады.
Түпнұсқаны қойыңыз.
Epson Scan 2 бағдарламасын іске қосыңыз.
Негізгі параметрлер қойындысындағы келесі параметрлерді орнатыңыз.

/
(Бастапқы бағдар) пернелері: орналастырған түпнұсқаның орнатылған бағдарын таңдаңыз. Түпнұсқаның өлшеміне байланысты, осы элемент автоматты түрде орнатылуы және өзгертілмеуі мүмкін.
Құжат көзі автоматты түрде Беттерді автоматты түрде беру құрылғысы ретінде орнатылады.
Негізгі параметрлер қойындысында келесі параметрлерді де орнатуға болады.
Кескін бір-у: түпнұсқаның екі жағын да сканерлеген кезде, алдыңғы және артқы жағындағы кескіндерді біріктіру үшін таңдаңыз.
Бұру: түпнұсқаны сағат бағытымен бұрып сканерлеу үшін таңдаңыз.
Құжат ауытқуын түзету: түпнұсқаның қисығын түзету үшін таңдаңыз.
Скан. кейін бетт. қосу не өңдеу: сканерлеген соң әртүрлі түпнұсқаларды қосу немесе сканерленген беттерді өңдеу (бұру, жылжыту және жою) үшін таңдаңыз.
Бос беттерді өткізіп жіберу: егер түпнұсқаларда бос беттер болса, оларды өткізіп жіберу үшін таңдаңыз.
Екі парақтың берілуін анықтау: бір уақытта бірнеше түпнұсқа берілген кезде ескерту көрсету үшін таңдаңыз.
Қажет болса, басқа сканерлеу параметрлерін жасаңыз.
Жасаған басқа реттеулерге байланысты кейбір элементтер қолжетімді болмауы мүмкін.
Файл сақтау параметрлерін орнатыңыз.

Сканерлеу түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, сканердегі
түймесін басу арқылы сканерлеуді бастауға болады.
Жұқа қағаз сияқты кептелуі мүмкін түпнұсқаларды сканерлеген кезде, сканерлеу жылдамдығын баяулату үшін, басқару тақтасындағы
(баяу режим) түймесін басыңыз.
Қағаз беру жылдамдығын баяулатқаннан кейін
түймесін басу; қалыпты жылдамдыққа қайтару үшін оны қайта басыңыз.
Сканерленген кескін көрсеткен қалтаға сақталады.