EPSON Software Updater — интернет арқылы жаңа бағдарламалық құралды орнататын және микробағдарлама мен нұсқаулықтарды жаңартатын қолданба. Егер жаңарту ақпаратын жиі тексеру қажет болса, EPSON Software Updater құралының автоматты жаңарту параметрлерінде жаңартуларды тексеру аралығын орнатуға болады.
Windows Server операциялық жүйесі қолданылмайды.
Windows 11
Бастау түймесін басып, All apps > Epson Software > EPSON Software Updater тармағын таңдаңыз.
Windows 10
Бастау түймесін басып, Epson Software > EPSON Software Updater таңдаңыз.
Windows 8.1/Windows 8
Іздеу жолағына қолданба атауын енгізіп, көрсетілетін белгішені таңдаңыз.
Windows 7
Бастау түймесін басыңыз, содан соң Барлық бағдарлама > Epson Software > EPSON Software Updater параметрін таңдаңыз.
Өту > Қолданбалар > Epson Software > EPSON Software Updater тармағын таңдаңыз.