Қолданбаларды және микробағдарламаларды жаңарту арқылы белгілі проблемаларды шешуге және қызметтерді қосуға немесе жаңартуға болады. Қолданыстағы қолданбалардың және микробағдарламалардың ең соңғы нұсқа екенін тексеріңіз.
Жаңарту барысында компьютерді немесе сканерді өшірмеңіз.
Сканер мен компьютердің байланысқанын және компьютердің интернетке байланысқанын тексеріңіз.
EPSON Software Updater жұмысын бастаңыз және қолданбаларды немесе микробағдарламаны жаңартыңыз.
Windows Server операциялық жүйелеріне қолдау көрсетілмейді.
Егер қолданба тізімінен жаңартқыңыз келген қолданбаны таба алмасаңыз, қолданбаны EPSON Software Updater көмегімен жаңарта алмайсыз. Жергілікті Epson веб-сайтынан қолданбалардың ең соңғы нұсқаларын тексеріңіз.