> Қызмет көрсету > Роликті бекіту жинағын ауыстыру

Роликті бекіту жинағын ауыстыру

Сканерлеулер саны роликтердің пайдалану мерзімінен асып кеткенде роликті бекіту жинағын (беру ролигі және бөлу ролигі) ауыстыру қажет. Компьютер экранында ауыстыру хабары көрсетілгенде, оны ауыстыру үшін келесі қадамдарды орындаңыз.

А: бөлу ролигі, Ә: беру ролигі

Ескертпе:

Сканер қосылған кезде роликті бекіту жинағын ауыстырыңыз.

  1. Кіріс науаны ашып, сканер қақпағын ашу үшін иінтіректен тартыңыз.

  2. Бөлу ролигі қақпағын көрсетілгендей алып тастаңыз.

  3. Бөлу ролигін көрсетілгендей алып тастаңыз.

    Маңызды:

    Бөлу ролигін күшпен тартпаңыз. Бұл сканердің ішін зақымдауы мүмкін.

  4. Жаңа бөлу ролигін көрсетілгендей тіркеңіз. Бөлу ролигінің осін оң жақтағы саңылауға салып, бөлу ролигін түсіріңіз.

  5. Бөлу ролигі қақпағын көрсетілгендей тіркеңіз. Қақпақтың үстіңгі жағындағы осьті ойықтарға салып, қақпақты мықтап жабыңыз.

    Маңызды:
    • Қақпақтың дұрыс жабылғанын тексеріңіз.

    • Қақпағын жабу қиын болса, бөлу роликтерінің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

    • Қақпақ көтеріліп тұрғанда оны орнатпаңыз.

  6. Беру ролигінің қақпағын ашыңыз.

  7. Беру ролигін көрсетілгендей алып тастаңыз.

  8. Жаңа беру ролигін көрсетілгендей тіркеңіз. Беру ролигінің ұштарындағы ойықтарды сканердегі осьтерге енгізіп, беру ролигін төмендетіп, оны артқа сырғытыңыз.

    Ойықтардың тураланғанын тексеріңіз.

  9. Беру ролигі қақпағын жабыңыз.

    Маңызды:

    Қақпақты жабу қиын болса, беру роликтері дұрыс орнатылғанын және шығыңқы бөліктері тураланғанын тексеріңіз.

  10. Сканер қақпағын екі қолыңызбен жабыңыз. Сосын кіріс науасын жабыңыз.

  11. Epson Scan 2 Utility мүмкіндігін пайдалану арқылы сканерлеу санын қайта орнатыңыз.

Ескертпе:

Беру ролигін және бөлу ролигін жергілікті биліктің ережелері мен талаптарына сәйкес утилизациялаңыз. Оларды бөлшектемеңіз.