Түпнұсқа түсін автоматты түрде анықтап, оны сканерлеуге болады. Түрлі түсті және ақ-қара түпнұсқалар араласса да, оларды автоматты түрде оңтайлы түспен сканерлеуге болады (Кескін түрі).
Түрлі түсті түпнұсқа: Түс арқылы сканерлеңіз.
Градациясы бар ақ-қара түпнұсқалар (сұр аймақтар): Сұр арқылы сканерлеңіз.
Градациясы жоқ ақ-қара түпнұсқалар (сұр аймақтар жоқ): Ақ ж/е қара арқылы сканерлеңіз.
|
Түпнұсқа мысалы |
![]() |
![]() |
![]() |
|
Анықталатын Кескін түрі |
Түс |
Сұр |
Ақ ж/е қара |
Сканер драйверінде Авто параметрін Кескін түрі ретінде таңдаңыз (Epson Scan 2).
Фондар мен басқа факторларға байланысты оқу қиын мәтінді анық сканерлей аласыз. Мәтінді бөлектеп алып, түпнұсқаның фонындағы нүктелі өрнектерді түпнұсқаға сәйкес алып тастауға болады.
Оны сканер драйверіндегі Кеңейтілген параметрлер қойындысы > Мәтінді жақсарту > Параметрлер ішінен реттей аласыз (Epson Scan 2).
Түс немесе Сұр параметрінде сканерлеген кезде
Келесі мүмкіндіктер қолжетімді.
|
Мүмкіндіктер |
Түсіндірмелер |
|---|---|
|
OCR (таңбаларды оптикалық тану) үшін ашық әріптерді сызып көрсету |
Ашық әріптерді OCR арқылы оңай анықталатындай етіп бөлектеуге болады. Әсердің деңгейін реттеуге болады. ![]() |
|
Жартытонды нүктелерді жою |
Түс немесе Сұр етіп сканерлеген кезде, түпнұсқа фонындағы нүктелі өрнектерді алып тастау үшін осыны қосыңыз. ![]() |
Ақ ж/е қара параметрінде сканерлеген кезде
Келесі мүмкіндіктер қолжетімді.
|
Мүмкіндіктер |
Түсіндірмелер |
|---|---|
|
Ашық әріптерді сызып көрсету / Фонды жою |
Ашық мәтінді жақсарту, фон түстерін, өрнектерді, қатпарлар мен ығысуды жою үшін мәтін деңгейі мен фондық түзетуді реттей аласыз. ![]() |
|
Нүктелі шуды жою |
Түпнұсқа фонындағы кетпейтін қара дақтарды фонды ағарту арқылы жоюға болады. Әсердің деңгейін реттеуге болады. ![]() |
|
Бүгілген немесе жыртылған жерлерді түзету |
Бұрыштар немесе түпнұсқа жиектері майысқан немесе жыртылған кезде немесе сканерленген кескін айналасында көлеңке пайда болған кезде сканерленген кескіндерді түзете алмайсыз. Сканерленген кескіннің жоқ жиектері немесе бұрыштары түпнұсқа құжат түсімен толтырылады. ![]() |