Сканерленген кескін файлдарын электрондық пошта арқылы тікелей принтерден алдын ала конфигурацияланған электрондық пошта сервері бойынша жіберуге болады.
Сканерлеуді орындау үшін параметрлерді алдын ала орнату керек. Параметрлерді орнату үшін жұмыс процесі туралы толық ақпаратты келесі сілтемеден қараңыз.
Электрондық поштаға сканерлеу функциясына дайындалу
Сканерлеудің алдында принтердің Күн/Уақыт және Уақыт айырмашылығы параметрлері дұрыс екенін тексеріңіз. Мәзірлерге Параметрлер > Жалпы параметрлер > Нег.параметрлер > Күн/Уақыт параметрлері тармағында қатынасыңыз.
Түпнұсқаларды қойыңыз.
Басқару тақтасындағы Сканерлеу > Электрондық пошта параметрін таңдаңыз.
Алушыны көрсетіңіз.
Таңдалған алушылар нөмірі экранның оң жағында көрсетіледі. 10 мекенжайға және топқа дейін электрондық пошта жіберуге болады.
Егер топтар алушыларға қосылса, тіркелгідегі топтардың мекенжайларын ескере отырып, жалпы 200 жеке мекенжайға дейін таңдауға болады.
Таңдалған мекенжайлардың тізімін көрсету үшін экранның жоғарғы жағындағы мекенжай ұяшығын таңдаңыз.
Жіберу журналын көрсету немесе электрондық пошта серверінің параметрлерін өзгерту үшін
түймесін таңдаңыз.
Сканерлеу пар-і түймесін таңдаңыз, сақтау пішімі сияқты параметрлерді тексеріп, қажет болса, оларды өзгертіңіз.
Сканерлеуге арналған мәзір параметрлері
Параметрлерді алдын ала орнату ретінде сақтау үшін
түймесін таңдаңыз.
түймесін түртіңіз.