Алушы күйін растағаннан кейін факстар жіберу

Теру, байланыс құру және жіберу кезінде принтер динамигі арқылы дыбыстар немесе дауыстар шыққанда факс жіберуге болады.

  1. Негізгі экраннан Факс параметрін таңдаңыз.

  2. Факс параметрлері қойындысын таңдаңыз және ажыратымдылық пен қажетінше жіберу әдісі сияқты параметрлер орнатыңыз. Реттеулерді жасауды аяқтағаннан кейін Алушы қойындысын таңдаңыз.

    Факс параметрлері

  3. түймесін түртіп, алушыны көрсетіңіз.

    Ескертпе:

    Динамиктің дыбыс қаттылығын реттеуге болады.

  4. Факс дыбысын естігенде, СКД экранының жоғарғы оң жақ бұрышындағы Жіберу/ Қабылдау параметрін таңдап, содан соң Жіберу параметрін таңдаңыз.

  5. Факсты жібере бастау үшін түймесін түртіңіз.