> Маңызды нұсқаулар > Принтердің ұсыныстары және ескертулері > Қосымша түпқойманы пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен ескертулер

Қосымша түпқойманы пайдалану жөніндегі ұсыныстар мен ескертулер

  • Бұл түпқойма осы принтерді, оған қоса қосымша қағаз кассетасы құрылғыларын жоғарыға орнату үшін арналған. Көрсетілген принтер және қағаз кассетасы құрылғысынан басқа өнімдерді орнатпаңыз.

  • Түпқойманың үстіне шықпаңыз немесе үстіне ауыр заттар қоймаңыз.

  • Міндетті түрде тіреуіштер мықтап бекітілгеніне көз жеткізіңіз, әйтпесе принтер құлауы мүмкін.

  • Принтерді немесе қосымша қағаз кассетасы құрылғысын түпқоймаға онымен бірге берілген екі бекіткіштің және бұрандалардың көмегімен бекітіңіз.

  • Принтерді пайдаланған кезде түпқойманың алдыңғы жағындағы доңғалақшаларды құлыптаңыз.

  • Доңғалақшалары құлыпталған түпқойманы жылжытпаңыз.

  • Принтер немесе қосымша қағаз кассетасы құрылғысы орнатылған түпқойманы жылжытқан кезде тегіс емес немесе кедір-бұдырлы беттермен жылжытпаңыз.