Төменде сипатталғандай басқару тақтасындағы мәзірлерді таңдаңыз.
Параметрлер > Қызмет көрсету
Қызмет көрсету
Басып шығару сапасын реттеу
Басып шығаруларға қатысты қандай да бір проблемалар болса, осы мүмкіндікті таңдаңыз. Бітелген саңылауларды тексеруге және қажет болса, басып шығару механизмін тазалауға, содан соң басып шығару сапасын жақсарту үшін кейбір параметрлерді реттеуге болады.
Басып шығару басы саңл. тексеру
Басып шығару механизмінің саңылаулары бітелсе, тексеру үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.Принтер саңылауды тексеру үлгісін басып шығарады.
Басып шығару басын тазалау
Басып шығару механизміндегі бітелген саңылауларды тазалау үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.
Шектік сызықты туралау
Тік сызықтарды туралау үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз.
Бағыттауышты тазарту
Егер ішкі роликтерде сия дақтары болса, осы мүмкіндікті таңдаңыз.Ішкі роликтерді тазалау үшін принтер қағазды береді.
Беру ролигі туралы ақпарат
Қағаз кассетасының дукторлық ролигінің жарамдылық мерзімін тексеру үшін осы мүмкіндікті таңдаңыз. Сондай-ақ дукторлық роликтің есептегішін қайта орнатуға болады.
Әрбір қағаз үшін басып шығару сапасын реттеу
Қағаз түріне байланысты сияның түс реңкі әртүрлі. Егер басып шығаруларға жолақтар болса немесе арнайы қағаз түрінің қисаюы болса, осы мүмкіндікті таңдаңыз.