Жоғары ажыратымдылық, кескін реттеу мүмкіндіктері, файл пішімі, байланыс режимі және тағы сол сияқты сканерлеу шарттарына байланысты сканерлеу жылдамдығы баяулауы мүмкін.
USB 3.0 (SuperSpeed) немесе USB 2.0 (Hi-Speed) порттары бар компьютерлер USB 1.1 порттары бар компьютерлерден жылдамырақ сканерлейді. Егер сканермен USB 3.0 немесе USB 2.0 портын пайдалансаңыз, оның жүйе талаптарына сәйкес келетінін тексеріңіз.
Қауіпсіздік бағдарламалық құралын пайдаланғанда, бақылаудан TWAIN.log файлын алып тастаңыз немесе TWAIN.log файлын тек оқуға арналған файл ретінде орнатыңыз. Қауіпсіздік бағдарламалық құралының функциялары туралы қосымша ақпарат алу үшін анықтаманы және бағдарламалық құралмен бірге берілетін құжаттарды қараңыз. TWAIN.log файлы келесі орындарға сақталады.
C:\Users\(пайдаланушы аты)\AppData\Local\Temp