Web Config арқылы контактілерді импорттау

Контактілердің сақтық көшірмесін жасауға болатын сканер болса және осы сканермен үйлесімді болса, сақтық көшірме файлын импорттау арқылы контактілерді тіркеуге болады.

Ескертпе:

Сканердің контактілерінің сақтық көшірмесін жасау туралы нұсқауларды сканермен бірге берілген нұсқаулықтан қараңыз.

Контактілерді осы сканерге импорттау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Web Config бөліміне кіріп, Device Management қойындысын > Export and Import Setting Value > Import параметрін таңдаңыз.

  2. Жасаған сақтық көшірмеңізді File ішінен таңдап, құпиясөзді енгізіңіз де, Next түймесін басыңыз.

  3. Contacts ұяшығына құсбелгі қойып, Next түймесін басыңыз.