Wi-Fi Direct туралы ақпарат

Үйде немесе кеңседе Wi-Fi мүмкіндігін пайдаланбағанда немесе сканерді және компьютерді немесе смарт құрылғыны тікелей қосу қажет болғанда осы қосылым әдісін пайдаланыңыз. Бұл режимде сканер маршрутизатор ретінде қолданылады және құрылғыларды сканерге стандартты маршрутизатордың көмегінсіз қосуға болады. Дегенмен, сканерге тікелей қосылған құрылғылар сканер арқылы бір-бірімен байланыса алмайды.

Сканер Wi-Fi және Wi-Fi Direct (қарапайым AP) қосылымы арқылы бір уақытта қосылуы мүмкін. Дегенмен сканер Wi-Fi желісі арқылы қосылғанда, Wi-Fi Direct (қарапайым AP) қосылымында желі қосылымын іске қоссаңыз, Wi-Fi желісі уақытша ажыратылады.