Сканерді ешқашанда алкоголь, жұқартқыш немесе еріткіш құралдармен тазаламаңыз. Бұл деформацияға немесе түссізденуіне әкелуі мүмкін.
Сканерге қандай да бір сұйықтықты немесе майлағыш майларды жақпаңыз. Жабдықтың немесе тізбектің зақымдалуы жұмыстың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Сканердің корпусын ешқашан ашпаңыз.
Кіріс науаны ашып, сканер қақпағын ашу үшін иінтіректен тартыңыз.

Сканер қақпағы ішіндегі әйнек бетті сүртіңіз. Тазалауға арналған арнайы шүберекпен немесе жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз. Әйнек бет өте лас болса, арнайы тазартқыштың немесе судың аз мөлшеріне батырылған жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз.
Әйнек бетіне тым күш салмаңыз.
Щетканы немесе қатты құралды пайдаланбаңыз. Әйнектегі кез келген сызықтар сканерлеу сапасына әсер етуі мүмкін.
Тазалау құралын әйнек бетіне тікелей шашпаңыз.

Сканер қақпағын екі қолыңызбен жабыңыз. Сосын кіріс науасын жабыңыз.

Егер Әйнектегі кірді анықтау қате туралы хабары жиі көрсетілсе, анықтау деңгейін өзгертуге болады.
Сканердің басқару тақтасында Параметрлер > Сканер параметрлері > Әйнектегі кірді анықтау параметрін таңдаңыз.