> Маңызды нұсқаулар > Қауіпсіздік нұсқаулары

Қауіпсіздік нұсқаулары

Осы өнімдерді және опцияларды қауіпсіз пайдалану үшін осы нұсқауларды оқып, орындаңыз. Осы нұсқаулықты алдағы уақытта қарау мақсатында сақтап қойғаныңыз жөн. Сонымен қатар, өнімде және опцияларда таңбаланған барлық ескертулерді және нұсқауларды орындауды ұмытпаңыз.

  • Өнімдегі және опциялардағы кейбір таңбалар қауіпсіздікті сақтап, өнімді тиісті түрде пайдалануды көрсетеді. Таңбалардың сипаттамасы туралы қосымша ақпарат алу үшін келесі веб-сайтқа кіріңіз.

    http://support.epson.net/symbols

  • Өнімді және опцияларды барлық бағытта өнімнің және опциялардың негізінен асатын тегіс, тұрақты бетке орналастырыңыз. Егер өнімді және опцияларды қабырғаға орналастырсаңыз, құрылғының және опциялардың артқы жағы мен қабырғаның арасында 10 см-ден астам орын қалдырыңыз.

  • Құрылғыны және опцияларды компьютерге интерфейс кабелі оңай жететіндей етіп орналастырыңыз. Өнімді және опцияларды немесе айнымалы ток адаптерін сыртта, қатты кір немесе шаң жерге, судың, ыстық көздер бар жерге немесе соққы, діріл, жоғары температура немесе ылғал, тікелей күн сәулесі, қатты жарық көздері немесе температурасы не ылғалдылығы жылдам ауысатын жерлерге орналастырмаңыз.

  • Дымқыл қолдарыңызбен пайдаланбаңыз.

  • Өнімді және өнімдерді адаптері оңай қосылатын электр розеткасының жанына орналастырыңыз.

  • Айнымалы ток адаптерінің сымын үйкелмейтін, кесілмейтін, тозбайтын, майыспайтын және ширатылмайтын жерге орналастырыңыз. Сымның үстіне заттар қоймаңыз және айнымалы ток адаптерін немесе сымның басылуына немесе езілуіне жол бермеңіз. Ақырында сымды тік сақтауға аса мұқият болыңыз.

  • Өніммен бірге келген қуат сымын ғана пайдаланыңыз және сымды өзге жабдықпен бірге пайдаланбаңыз. Осы өніммен бірге басқа сымдарды пайдалану немесе сымды өзге жабдықпен бірге пайдалану өрттің шығуына немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.

  • Құрылғымен бірге берілген айнымалы ток адаптерін ғана пайдаланыңыз. Басқа адаптер пайдалану өртке, электр тоғының соғуына немесе жарақатқа себеп болады.

  • Айнымалы ток адаптері тек берілген өніммен пайдалану үшін арналған. Егер көрсетілмеген болса, оны басқа электрондық құрылғылармен пайдалануға болмайды.

  • Айнымалы ток адаптерінің жапсырмасында көрсетілген қуат түрін ғана пайдаланыңыз және жергілікті қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келетін айнымалы ток адаптері бар стандартты ішкі электр розеткасынан тікелей келетін қуат көзін әрқашан пайдаланыңыз.

  • Осы өнімді және опцияларды компьютерге немесе басқа құрылғыға кабельмен жалғаған кезде, қосқыштар бағытының дұрыстығына көз жеткізіңіз. Әрбір қосқышта тек бір дұрыс бағыт болады. Қосқышты бұрыс бағытпен салу кабельмен жалғанған екі құрылғыны да зақымдайды.

  • Үнемі қосылып не өшіріліп тұратын фото көшіру құрылғылары немесе ауа ағынын басқаратын жүйелер қосылған бірдей розеткаларды пайдаланбаңыз.

  • Егер өніммен ұзартқыш сым пайдалансаңыз, ұзартқыш сымға қосылған құрылғылардың жалпы номиналды тогы сымның номиналды тогынан аспайтынын тексеріңіз. Сонымен қатар, қабырғадағы розеткаға қосылған барлық құрылғылардың жалпы амперлік қуатының қабырғадағы розеткада көрсетілген амперлік қуаттан аспайтынын тексеріңіз.

  • Өнімнің нұсқаулығында нақты сипатталған жерлерден басқа айнымалы ток адаптерін, өнімді немесе өнім опцияларында өз бетіңізбен бөлшектеуге, өзгертуге немесе жөндеуге әрекеттенбеңіз.

  • Өнімнің тесіктеріне заттар салмаңыз, олар қауіпті кернеу нүктелеріне тиіп кетуі немесе бөлшектерінің қысқа тұйықтауына себеп болады. Электр тогының соғу қаупінен сақ болыңыз.

  • Егер аша зақымдалған болса, сым жинағын ауыстырыңыз немесе білікті электр маманына хабарласыңыз. Егер ашада сақтандырғыштар болса, оларды өлшемі және номиналды тогы бірдей сақтандырғыштармен ауыстырыңыз.

  • Өнімді, опцияларды және айнымалы ток адаптерін ажыратып, келесі жағдайларда білікті маманға жөндетіңіз: айнымалы ток адаптері немесе аша зақымдалғанда; өнімге, опцияларға немесе айнымалы ток адаптеріне сұйық зат кіргенде; өнім, опциялар немесе айнымалы ток адаптері жерге түсірілгенде немесе корпусы зақымдалғанда; өнім, опциялар немесе айнымалы ток адаптері қалыпты жұмыс істемегенде немесе өнімділігі айқын өзгергенде. (Пайдалану нұсқауларында қамтылмаған реттеулерді орындамаңыз.)

  • Өнімді және айнымалы ток адаптерін тазалаудан бұрын ажыратыңыз. Тек дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Өнімнің нұсқаулығында көрсетілгеннен басқа сұйық немесе аэрозольді тазалау құралдарын пайдаланбаңыз.

  • Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, айнымалы ток адаптерін электр розеткасынан ажыратып қойыңыз.

  • Тұтынылатын бөлшектерді ауыстырғаннан кейін, оларды жергілікті билік бекіткен ережелер бойынша дұрыстап жойыңыз. Оларды бөлшектемеңіз.

  • Өнімді кардиостимулятордан кемінде 22 см қашықтықта ұстаңыз. Өнімнен таралатын радиотолқындар кардиостимулятор жұмысына кері әсер етуі мүмкін.

  • Өнімді медициналық нысандарда немесе медициналық жабдыққа жақын жерде пайдалануға болмайды. Өнімнен таралатын радиотолқындар медициналық электр жабдықтарының жұмысына кері әсер етуі мүмкін.

  • Өнімді автоматты есіктер немесе өрт дабылдары сияқты автоматты түрде басқарылатын қондырғыларға жақын жерде пайдалануға болмайды. Өнімнен таралатын радиотолқындар аталмыш қондырғылардың жұмысына кері әсер етуі мүмкін және қызметтің бұзылуы нәтижесінде оқыс оқиғаларға себеп болуы мүмкін.

  • Егер СКД экраны зақымдалса, дилеріңізге хабарласыңыз. Егер сұйық кристал қолыңызға тисе, қолыңызды сабындап жуыңыз. Егер сұйық кристал көзіңізге тисе, көзіңізді дереу сумен шайыңыз. Егер жақсылап шайғаннан кейін де ыңғайсыз немесе көру ақаулары болса, дереу дәрігерге қаралыңыз.