Жүйе әкімшілігі

Контактілер реттеушісі
Қосу/Өңдеу/Жою:

Электрондық поштаға сканерлеу және Желі қалтасына/FTP ішіне сканерлеу функциялары үшін контактілерді тіркеңіз және/немесе жойыңыз.

Іздеу опциялары:

Контактілерді іздеу әдісін өзгертіңіз.

Әкімші параметрлері
  • Әкімші құпиясөзі: тек әкімшінің параметрлерді өзгертуіне мүмкіндік беретін әкімші құпиясөзін тіркеңіз. Құпиясөз ұзындығы 8–20 аралығындағы таңбадан тұруы қажет.

  • Құлыптау параметрі: Сканер параметрлерін басқа пайдаланушылардың өзгертуінен қорғау үшін, оларды құлыптаңыз.

Құпия сөзді кодтау

Құпиясөзді шифрлаңыз.

Қайта іске қосу орындалып жатқанда қуатты өшірсеңіз, деректер зақымдалып, сканер параметрлері әдепкі параметрлерге қайта орнатылуы мүмкін. Мұндай жағдайда, құпиясөз ақпаратын қайта орнатыңыз.

Іске қосу кезінде бағд-ны тек-у:

Іске қосылған кезде сканер бағдарламасын тексереді.

Бұл мүмкіндік қосылған кезде, сканердің іске қосылуына белгілі бір уақыт кетуі мүмкін.

Тұтынушылар арасындағы зерттеу

Seiko Epson Corporation компаниясына сканерлеулер саны сияқты өнімнің пайдалану ақпаратын беру үшін Бекіту параметрін таңдаңыз.

WSD параметрлері

WSD (құрылғыларға арналған веб-қызмет) мүмкіндігін қосыңыз немесе өшіріңіз.

Ол өшірілген кезде, WSD белгішесі негізгі экраннан жасырылады.

Әдепкі параметрлерді қалпына келтіру
  • Желі параметрлері: желіге қатысты параметрлерді бастапқы күйіне қайта орнатыңыз.

  • Желі параметрлерінен басқасының барлығы: желіге қатысты параметрлерден басқа параметрлерді бастапқы күйіне қайта орнатыңыз.

  • Барлық параметрлер: сатып алған кезде, барлық параметрлерді бастапқы күйлеріне қайта орнатыңыз.

Маңызды:

Егер Барлық параметрлер параметрін таңдасаңыз, сканерге тіркелген барлық параметр деректері контактілермен қоса жойылатын болады. Жойылған параметрлерді қалпына келтіру мүмкін емес.

Микробағдарлама жаңартуы:

Ағымдағы нұсқасы сияқты сканердің микробағдарлама ақпаратын және қолжетімді жаңартулар туралы ақпаратты алуға болады.

Жаңарту:

Микробағдарламаның ең соңғы нұсқасы желі серверіне жүктелгенін тексеріңіз.Егер жаңарту қолжетімді болса, жаңартуды бастау не бастамауды таңдауға болады.

Хабарландыру:

Микробағдарлама жаңартуы қолжетімді болғанда хабарландыру алу үшін Қосу күйін таңдаңыз.