> Қызмет көрсету > Сканердің ішін тазалау

Сканердің ішін тазалау

Сканерді белгілі бір уақыт пайдаланғаннан кейін сканердің ішіндегі роликтегі немесе әйнек бөлшегіндегі қағаз және бөлме шаңы қағаз беру немесе сканерленген кескін сапасының ақауларына әкелуі мүмкін. Сканердің ішін әрбір 5,000 сканерлеуден кейін тазалаңыз.

Ең соңғы сканерлеулер санын басқару тақтасынан немесе Epson Scan 2 Utility бөлімінде тексеруге болады.

Беті кетіру қиын материалмен кірленсе, оларды кетіру үшін түпнұсқа Epson тазалау жинағын пайдаланыңыз. Дақтарды жою үшін тазалау шүберегіне тазалау құралының аз мөлшерін пайдаланыңыз.

Абайлаңыз:

Сканер ішін тазалаған кезде механизмдерге немесе роликтерге қолыңыз немесе шашыңызды қысып алмаңыз. Бұл жарақаттануға әкелуі мүмкін.

Маңызды:
  • Сканерді ешқашанда алкоголь, жұқартқыш немесе еріткіш құралдармен тазаламаңыз. Бұл деформацияға немесе түссізденуіне әкелуі мүмкін.

  • Сканерге қандай да бір сұйықтықты немесе майлағыш майларды жақпаңыз. Жабдықтың немесе тізбектің зақымдалуы жұмыстың бұзылуына әкелуі мүмкін.

  • Сканердің корпусын ешқашан ашпаңыз.

Ескертпе:
  • Басқару тақтасында неммесе Epson Scan 2 Utility қолданбасында белгілі бір сканерлеу санын жасаған соң, тазарту уақыты туралы хабарландырулар мен ескертулерді орнатуға болады. Әдепкіде әр 5000 сканерлеуден кейін хабарландыру жіберіледі.

  • Сканер қосылған кезде оның ішін тазалаңыз.

  1. Роликтегі дақтарды сүртіңіз. Тік жол қақпағын ашыңыз.

    Маңызды:

    Тік жол қақпағын ашқан кезде, антистатикалық щетканы ұстап қалмас үшін көрсетілген аймақтан ұстаңыз. Егер щетка майысып қалса, ол статикалық электрді кетірмейді және ол шығыс түпнұсқалардың бір-біріне жабысып қалуына әкелуі мүмкін.

  2. Роликтерді (4 орын) және пластикалық роликтерді (4 орын) сүртіңіз. Арнайы тазартқыштың немесе судың аз мөлшеріне батырылған жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз.

    Маңызды:

    Роликтерді сүрткен кезде антистатикалық щетканы ұстамаңыз. Егер щетка майысып қалса, ол статикалық электрді кетірмейді және ол шығыс түпнұсқалардың бір-біріне жабысып қалуына әкелуі мүмкін.

  3. Кіріс науаны ашып, сканер қақпағын ашу үшін иінтіректен тартыңыз.

  4. Роликтерді (8 орын) сүртіңіз. Арнайы тазартқыштың немесе судың аз мөлшеріне батырылған жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз.

  5. Сканер қақпағын екі қолыңызбен жабыңыз. Сосын тік жол қақпағын, кейін кіріс науаны сол ретпен жабыңыз.

    Қалпына келтірілуде хабары экраннан алып тасталған кезде, келесі қадамға өтіңіз.

  6. 1–5 қадамдарын төрт рет қайталаңыз.

    Ішкі роликтер қақпақ әр жабылған кезде шамамен төрттен біріне бұраңыз. Осы қадамды бүкіл ролик тазаланғанша қайталаңыз.

    Ескертпе:

    Қағаз шаңы тік жол қақпағының ішіне жабысып қалса, оны жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз.

  7. Сканер ішіндегі дақтарды сүртіңіз. Кіріс науаны ашып, сканер қақпағын ашу үшін иінтіректен тартыңыз.

  8. Сканер қақпағы ішіндегі әйнек бетті сүртіңіз. Тазалауға арналған арнайы шүберекпен немесе жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз. Әйнек бет өте лас болса, арнайы тазартқыштың немесе судың аз мөлшеріне батырылған жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз.

    Маңызды:
    • Әйнек бетіне тым күш салмаңыз.

    • Щетканы немесе қатты құралды пайдаланбаңыз. Әйнектегі кез келген сызықтар сканерлеу сапасына әсер етуі мүмкін.

    • Тазалау құралын әйнек бетіне тікелей шашпаңыз.

  9. Датчиктерді (4 орын) мақта тампонымен сүртіңіз.

    Маңызды:

    Мақта тампонына тазалау құралы сияқты қандай да бір сұйықтықты жақпаңыз.

  10. Бөлу ролигіндегі дақтарды сүртіңіз. Қақпақты ашып, бөлу ролигін алып тастаңыз.

    Қосымша мәліметтер алу үшін «Роликті бекіту жинағын ауыстыру» бөлімін қараңыз.

    Роликті бекіту жинағын ауыстыру

  11. Бөлу ролигін сүртіңіз. Арнайы тазартқыштың немесе судың аз мөлшеріне батырылған жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз.

    Маңызды:

    Роликті тазалау үшін ылғалды шүберекті ғана пайдаланыңыз. Құрғақ шүберек пайдалансаңыз, роликтің бетін зақымдауы мүмкін.

  12. Бөлу ролигін орнатыңыз.

    Орнату туралы қосымша мәліметтер алу үшін «Роликті бекіту жинағын ауыстыру» бөлімін қараңыз.

  13. Беру ролигіндегі дақтарды сүртіңіз. Қақпақты ашып, беру ролигін алып тастаңыз.

    Қосымша мәліметтер алу үшін «Роликті бекіту жинағын ауыстыру» бөлімін қараңыз.

    Роликті бекіту жинағын ауыстыру

  14. Беру ролигін сүртіңіз. Арнайы тазартқыштың немесе судың аз мөлшеріне батырылған жұмсақ түксіз шүберекпен сүртіңіз.

    Маңызды:

    Роликті тазалау үшін ылғалды шүберекті ғана пайдаланыңыз. Құрғақ шүберек пайдалансаңыз, роликтің бетін зақымдауы мүмкін.

  15. Беру ролигін орнатыңыз.

    Орнату туралы қосымша мәліметтер алу үшін «Роликті бекіту жинағын ауыстыру» бөлімін қараңыз.

  16. Сканер қақпағын екі қолыңызбен жабыңыз. Сосын кіріс науасын жабыңыз.

  17. Басқару тақтасында сканерлеу санын қайта орнатыңыз.