> Басып шығарудың көңілді идеялары > Шаш каталогын басып шығару — Windows

Шаш каталогын басып шығару — Windows

Басып шығару деректерді алдын ала дайындаңыз. Бұл бөлімде түпнұсқалы Epson принтер драйверімен басып шығару әдісі түсіндіріледі.

  1. Дайындалған басып шығару деректерін ашып, басып шығару мәзірінен принтер драйвері терезесіне кіріңіз.

  2. Принтер дайверінің Басты қойындысында Бағдар параметрінен басып шығару қажет бағдарды таңдаңыз.

  3. Авто (ұзын шеті бойынша байланыстыру) күйін Екі жақты басып шығару параметрінен таңдаңыз.

  4. Settings түймесін басып, Кітапша параметрін таңдаңыз, содан соң Ортасынан түптеу немесе Жиегінен түптеу параметрін таңдаңыз.

    • Ортасынан түптеу: бұл әдісті бүктеуге және ортасынан бүктеуге болатын аз мөлшердегі беттерді басып шығарғанда пайдаланыңыз.
    • Жиегінен түптеу: бір парақтан (төрт бет) басып шығарғанда, әрқайсысын бүктеп, олардың барлығын бір бумаға қойғанда осы әдісті пайдаланыңыз.
  5. OK түймесін басыңыз.

  6. Баспа тығыздығы басып, құжат түрін таңдаңыз, содан соң OK түймесін басыңыз.

  7. Қажетінше басқа элементтерді орнатыңыз.

  8. Қағазды принтерге салып, басып шығаруды бастаңыз.

  9. Басып шығарылған қағазды жартысынан бүктеп, содан соң қапсырыңыз.

    • 4-Қадамда Ортасынан түптеу параметрін таңдағанда.
    • 4-Қадамда Жиегінен түптеу параметрін таңдағанда.