Сия ыдыстарын толтыру

Сияны кез келген уақытта толтыруға болады.

  1. Негізгі экраннан Параметрлер таңдаңыз.

  2. Қызмет көрсету > Сия толтыру параметрін таңдаңыз.

  3. СКД экранында сия толтыруға қатысты пайдаланудың сақтық шараларын оқып, Жалғ-у түймесін басыңыз.

  4. Сия ыдысының қақпағын ашыңыз.

  5. Сия ыдысының қалпағын ашыңыз.

    Маңызды:

    Сия ыдысының түсі толтыру керек сия түсіне сәйкес екенін тексеріңіз.

  6. Сия бөтелкесін тік күйде ұстап тұрып, қақпақты жаймен бұрап, алып тастаңыз.

    Маңызды:
    • Epson компаниясы түпнұсқа Epson сия бөтелкелерін пайдалануды ұсынады.

    • Сияны төгіп алмауға тырысыңыз.

  7. Сия ыдысында жоғарғы сызығын (a) тексеріңіз.

  8. Сияны жоғарғы сызыққа дейін толтыру үшін, сия бөтелкесінің жоғарғы жағын толтыру портымен туралап, ол жоғарғы сызықта автоматты түрде тоқтағанға дейін оны портқа тікелей енгізіңіз.

    Сия бөтелкесін дұрыс түске арналған толтыру портына салғанда, сия ағуы басталып, сия жоғарғы сызыққа жеткенде ағын автоматты түрде тоқтайды.

    Егер сия ыдысқа ақпаса, сия бөтелкесін алып тастап, оны қайта салыңыз. Дегенмен, сия жоғарғы сызыққа жеткенде сия бөлкесін қайта салмаңыз, кері жағдайда сия төгілуі мүмкін.

    Маңызды:

    Сия бөтелкесінің қақпағы алынғаннан кейін оны ешқандай затқа тигізбеңіз, әйтпесе сия төгілуі мүмкін.

  9. Ыдысты толтыруды аяқтағанда, сия бөтелкесін алып тастап, сия ыдысының қақпағын мықтап жабыңыз.

    Маңызды:

    Сия бөтелкесін салынған күйде қалдырмаңыз, кері жағдайда бөтелке зақымдалуы немесе сия ағуы мүмкін.

    Ескертпе:

    Егер сия бөтелкесінде сия қалса, бөтелкені кейін пайдалану үшін қақпақты жауып, сақтап қойыңыз.

  10. Сия ыдысының қақпағын тығыз жабыңыз.

  11. Қайта толтырған сия түсінің сия деңгейін орнату үшін экрандық нұсқауларды орындаңыз.

Маңызды:

Тіпті сияны сия ыдысындағы жоғарғы сызыққа дейін толтырмасаңыз, принтерді пайдалануды жалғастыруға болады. Принтер жұмысын оңтайлы күйде ұстау үшін, сия ыдысын жоғарғы сызыққа дейін толтырып, сия деңгейін дереу қайта орнатыңыз.