Басып шығару тапсырмасына принтердің басқару тақтасына құпиясөз енгізілгеннен кейін ғана басып шығаруды бастайтын етіп құпиясөз қоюға болады.

Принтер драйверінің Қосымша опциялар қойындысынан Құпия тапсырма тармағын таңдап, құпиясөз енгізіңіз.
Басты және Қосымша опциялар қойындыларындағы басқа элементтерді орнатыңыз да, OK түймесін басыңыз.
Басып шығару түймесін басыңыз.
Тапсырманы басып шығару үшін, принтер басқару тақтасындағы негізгі терезеден Құпия тапсырма параметрін таңдаңыз. Басып шығару қажет тапсырманы таңдап, құпиясөзді енгізіңіз.