IEEE 802.1X желісін конфигурациялау

IEEE 802.1X параметрін принтерге орнатқанда, оны RADIUS серверіне, аутентификациялау функциясы бар жергілікті желі қосқышына немесе кіру нүктесіне жалғанған желіде пайдалануға болады.

  1. Web Config мүмкіндігіне кіріп, Network Security қойындысы > IEEE802.1X > Basic тармағын таңдаңыз.

  2. Әрбір элемент мәнін енгізіңіз.

    Принтерді Wi-Fi желісінде пайдаланғыңыз келсе, Wi-Fi Setup түймесін басып, SSID таңдаңыз немесе енгізіңіз.

    Ескертпе:

    Ethernet және Wi-Fi арасында реттеулерді бөлісуге болады.

  3. Next түймесін басыңыз.

    Растау хабары көрсетіледі.

  4. OK түймесін басыңыз.

    Принтер жаңартылады.