Бұл бөлімде WSD портын Windows 7/Windows Vista үшін орнату әдісі сипатталады.
Windows 10/Windows 8.1/Windows 8 үшін WSD порты автоматты түрде орнатылады.
WSD портын орнату үшін келесілер қажет.
Принтер мен компьютер желіге қосылған.
Принтер драйвері компьютерге орнатылған.
Принтерді іске қосыңыз.
Бастау түймесін басыңыз, сонан соң компьютердегі Желі түймесін басыңыз.
Принтерді тінтуірдің оң жағымен басып, Орнату опциясын таңдаңыз.
Пайдаланушының тіркелгісін басқару экраны көрсетілгенде Жалғастыру түймесін басыңыз.
Жою экраны көрінсе, Жою түймесін басып, қайтадан бастаңыз.
Желіде орнатылған принтер атауы мен модель ататуы (EPSON XXXXXX (XX-XXXX)) желілік экранда көрсетіледі. Принтердің желіде орнатылған атауын принтердің басқару тақтасынан немесе желі күйі парағын басып шығару арқылы тексере аласыз.
Құрылғыңыз пайдалануға дайын түймесін басыңыз.
Хабарды тексеріп, Жабу түймесін басыңыз.
Құрылғылар және принтерлер экранын ашыңыз.
Принтердің желідегі атауы бар белгішенің көрсетілгенін тексеріңіз.
WSD арқылы пайдаланғанда принтер атауын таңдаңыз.