Uninstaller бағдарламасын EPSON Software Updater көмегімен жүктеп алыңыз.
Uninstaller жүктелген соң, оны қайта бағдарламаны жойған сайын жүктеудің қажеті жоқ.
Принтерді өшіру үшін түймесін басыңыз.
Принтер драйверін немесе PC-FAX драйверін жою үшін, Жүйе параметрлері тармағын Apple мәзірі > Принтерлер және сканерлер (немесе Басып шығару және сканерлеу, Басып шығару және факс) тармағынан таңдаңыз, содан кейін қосылған принтерлер тізімінен принтерді жойыңыз.
Барлық қосулы қолданбаларды жабыңыз.
Өту > Қолданбалар > Epson Software > Uninstaller тармағын таңдаңыз.
Жойғыңыз келетін бағдарламаны таңдап, Uninstall басыңыз.
Uninstaller компьютердегі Epson принтерлері үшін барлық драйверлерді алып тастайды. Егер түрлі Epson сия принтерлерін пайдаланатын болсаңыз және тек кейбір драйверлерді жойғыңыз келсе, алдымен олардың барлығын жойып, қажетті принтерді қайта орнатыңыз.
Егер қолданба тізімінен жойғыңыз келген қолданбаны таба алмасаңыз, қолданбаны Uninstaller көмегімен жоя алмайсыз. Бұл жағдайда Өту > Бағдарламалар > Epson Software таңдаңыз, жойғыңыз келетін бағдарламаны таңдаңыз да, оны қоқыс жәшігі белгісіне апарыңыз.