Егер компоненттер және корпус лас немесе шаң болса, принтерді өшіріп, оларды суға малынған жұмсақ, таза шүберекпен тазалаңыз. Егер ласты кетіру мүмкін болмаса, ылғалды шүберекке жуу құралының азғантай мөлшерін қосып көріңіз.
Принтердің механизміне немесе қандай да бір электрлік компоненттеріне су тигізбеңіз. Кері жағдайда, принтер зақымдалып қалуы мүмкін.
Компоненттер мен корпусты тазалау үшін спиртті немесе бояу еріткішті ешқашан пайдаланбаңыз. Бұл химикаттар оларды зақымдауы мүмкін.
Келесі суретте көрсетілген бөліктерді ұстамаңыз. Солай жасау зақымдалуға себеп болуы мүмкін.