> Принтерге техникалық қызмет көрсету > Принтерді тасымалдау және сақтау

Принтерді тасымалдау және сақтау

Принтерді сақтау қажет немесе оны жылжыту не жөндеу кезінде тасымалдау қажет кезде, принтерді орау үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. түймесін басып, принтерді өшіріңіз.

  2. Қуат шамының өшірілгенін тексеріңіз, қуат сымын ажыратыңыз.

    Маңызды:

    Қуат шамы өшірілген кезде қуат сымын ажыратыңыз. Олай болмаса, басып шығару механизмі бастапқы орнына оралмай, сияның құрғап қалуын тудырады және басып шығару мүмкін болмайды.

  3. Қуат сымы және USB кабелі сияқты барлық кабельдерді ажыратыңыз.

  4. Қағаздың барлығын принтерден алып тастаңыз.

  5. Принтердің ішінде түпнұсқалардың жоқтығын тексеріңіз.

  6. Егер қақпақ ашық болса, оны жабыңыз.

  7. Сканер бөлігін екі қолмен құлыпталғанша ашыңыз.

    Абайлаңыз:

    Сканер элементін ашу немесе жабу кезінде қолыңыздың не саусақтарыңыздың қыстырылып қалмауына мұқият болыңыз. Кері жағдайда, жарақат алуыңыз мүмкін.

  8. Басып шығару механизмін корпусқа лентамен бекітіңіз.

  9. Сия бөтелкесінің қақпағын мықты етіп орнатыңыз.

  10. Сия ыдысының қақпағын мықтап жабыңыз.

  11. Сканер бөлігін жабыңыз.

    Ескертпе:

    Сканер бөлігі саусақтарды қыспауы үшін баяу жабылып, әлсіз қарсылық жасайтындай етіп жасалған. Кедергіні сезсеңіз де жаба беріңіз.

  12. Принтерді төменде көрсетілгендей орауға дайындаңыз.

  13. Принтерді пластикалық қапқа салып жабыңыз.

  14. Қорғағыш материалдарды пайдаланып, принтерді өз қорабына қаптаңыз.

    Маңызды:
    • Принтерді сақтау не тасымалдау кезінде, принтерді пластикалық қапқа салып жабыңыз. Принтерді еңкейтпеңіз, тігінен қоймаңыз немесе төңкермеңіз; әйтпесе сия ағуы мүмкін.

    • Сия бөтелкесін сақтаған немесе тасымалдаған кезде бөтелкені еңкейтпеңіз және соғылу немесе температураның ауысу ықпалын тигізбеңіз. Әйтпесе сия бөтелкесінің қақпағы мықтап жабылған болса да сия ағуы мүмкін. Қақпақты бекіткен кезде сия бөтелкесін міндетті түрде жоғары қаратыңыз және бөтелкені тасымалдаған кезде (мысалы, бөтелкені дорбаға қою) сия ақпайтындай шаралар қолданыңыз.

    • Ашылған сия ыдыстарын принтермен бір қорапқа салмаңыз.

Принтерді қайтадан пайдаланғанда басып шығару механизмін бекітетін лентаны алыңыз. Егер басып шығару сапасы келесі рет басып шығару кезінде төмендесе, басып шығару механизмін тазалап, туралаңыз.