> Факсты қолдану > Факстарды принтер көмегімен жіберу

Факстарды принтер көмегімен жіберу

Принтердің басқару тақтасында алушылардың факс нөмірлерін енгізу арқылы факстарды жіберуге болады.

Ескертпе:

Факсты монохромды түрде жібергенде жібермес бұрын СКД экранында сканерленген кескінді алдын ала қарауға болады.

  1. Түпнұсқаларды қойыңыз.

    Бір жібергенде 100 бетке дейін жіберуге болады, алайда қалған жад көлеміне байланысты тіпті 100 бетке жетпейтін факстарды жіберу мүмкін емес болуы ықтимал.

    Түпнұсқаларды орналастыру

  2. Принтердің басқару тақтасында Факс параметрін таңдаңыз.

  3. Алушыны көрсетіңіз.

    Алушыларды таңдау

  4. Факс параметрлері параметрін таңдап, реттеулерді қажетінше жасаңыз.

    Факс параметрлері

  5. Факсты жіберу үшін түймесін түртіңіз.

    Ескертпе:
    • Егер факс нөмірі бос емес не қандай да бір ақаулар болса, принтер автоматты түрде бір минуттан кейін қайта тереді.

    • Жіберуден бас тарту үшін түймесін түртіңіз.

    • Түрлі-түсті факс жіберу ұзағырақ уақыт алады, себебі принтер сканерлеу мен жіберуді бір мезгілде орындайды. Принтер түсті факс жіберуі кезінде басқа мүмкіндіктерді пайдалану мүмкін емес.