> Факсты қолдану > Кіріс жәшігі параметріне арналған мәзір опциялары

Кіріс жәшігі параметріне арналған мәзір опциялары

:

Алынған факстар сақталған «Кіріс» қалтасына осы белгішені түртіп кіре аласыз. Алынған факстар арасында оқылмағандар бар болса, оқылмаған құжаттар саны белгішесінде көрсетіледі.

Параметрлер
Кіріс жәшікке сақтау:

Алынған факстар принтердің Кіріс жәшігі қалтасына сақталады. 100 құжатқа дейін сақтауға болады. Сақталған құжаттардың файл өлшемі сияқты пайдалану шарттарына байланысты 100 құжатты сақтау және сол уақытта бірнеше факс сақтау мүмкіндіктерін пайдалану мүмкін емес екенін ескеріңіз.

Алынған факстар автоматты түрде басып шығарылмаса да, оларды принтердің экранында көріп, қажеттісін басып шығаруға болады.

Жады толғандағы опциялар:

Кіріс жәшігі жады толған кезде алынған факсты басып шығару әрекетін таңдауға немесе оны қабылдамауға болады.

Кіріс жәшігі құп-нің параметрлері:

Пайдаланушылардың алынған факстарды көруін шектеу үшін құпиясөз Кіріс жәшігі қалтасын қорғайды. Құпия сөзді өзгерту үшін Өзгерту таңдаңыз, одан кейін құпия сөзбен қорғаудан бас тарту үшін Қалпына келтіру таңдаңыз. Құпия сөзді өзгерткенде немесе қайта орнатқанда, ағымдағы құпия сөз қажет болады.

Жады толғандағы опциялар параметрі Факс. қаб.және бас.шығару мәніне қойылған кезде құпиясөзді орната алмайсыз.

Барлығын басып шығару:

Осы параметрді таңдағанда кіріс жәшігіндегі барлық алынған факс басып шығарылады.

Барлығын жою:

Осы параметрді таңдағанда кіріс жәшігіндегі барлық алынған факс жойылады.