Шешімдер
Егер жіберушінің факс машинасының өнімділігін білмесеңіз, факс жіберу алдында келесіні орнатыңыз.
Кескіннің ең жоғарғы сапасын орнату үшін Факс > Факс параметрлері параметрін таңдап, Ажыратымд. реттеуін жасаңыз.
Факс > Факс параметрлері параметрін таңдап, Тікелей жіберу мүмкіндігін қосыңыз.
Егер Ажыратымд. параметрін Фотосурет күйіне орнатып, бірақ факсты Тікелей жіберу мүмкіндігін қоспай жіберсеңіз, факс төмен ажыратымдылықта жіберілуі мүмкін.
Шешімдер
Параметрлер > Жалпы параметрлер > Факс параметрлері > Нег.параметрлер параметрін таңдап, басқару тақтасындағы ECM параметрін қосыңыз. Бұл қосылым проблемаларына байланысты пайда болатын қателерді кетіруі мүмкін. Жіберу және алу факстарының жылдамдығы ECM параметрі ажыратылғандағыдан баяуырақ болуы мүмкін екенін ескеріңіз.