Егер принтердің сыртқы лас немесе шаң болса, принтерді өшіріп, жұмсақ, таза әрі ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Егер ласты кетіру мүмкін болмаса, жұмсақ, таза және жуу құралына малынған ылғалды шүберекпен тазалап көріңіз.

Принтердің механизміне немесе қандай да бір электрлік компоненттеріне су тигізбеңіз. Кері жағдайда, принтер зақымдалып қалуы мүмкін.
Компоненттер мен корпусты тазалау үшін спиртті немесе бояу еріткішті ешқашан пайдаланбаңыз. Бұл химикаттар оларды зақымдауы мүмкін.
Ақ, жалпақ кабельді, мөлдір пленканы және принтердің ішіндегі сия түтіктерін ұстамаңыз. Солай жасау зақымдалуға себеп болуы мүмкін.
