> Басқару тақтасы нұсқаулығы > Басты экран конфигурациясы

Басты экран конфигурациясы

Пайдаланылған сия қор.қалған сый-ғы. экранын көрсетеді. Пайдаланылған сия қорабының шамамен қызмет көрсету мерзімін тексеруге болады.

Желі қосылымының күйін көрсетеді. Қосымша мәліметтер алу үшін келесіні қараңыз.

Желі белгішесінің нұсқаулығы

Дыбыс параметрлері экранын көрсетеді. Дыбысын өшіру және Тыныш режимі параметрін орнатуға болады. Сондай-ақ, Дыбыс мәзіріне осы экраннан кіруге болады. Сондай-ақ, реттеулерді Параметрлер мәзірінен жасауға болады.

Параметрлер > Жалпы параметрлер > Нег.параметрлер > Дыбыс

Принтер үшін Тыныш режимі параметрі орнатылғанын немесе орнатылмағанын көрсетеді. Осы мүмкіндік қосылғанда, жұмыс істеп тұрған принтерден шығатын шуыл азаяды, бірақ принтердің жылдамдығы төмендеуі мүмкін. Дегенмен, таңдалған қағаз түрі мен басын шығару сапасына байланысты шуылдар азаймауы мүмкін.

Принтер үшін Дыбысын өшіру параметрі орнатылғанын көрсетеді.

Факс деректері туралы ақпарат экранын көрсетеді.

Әрбір мәзірді көрсетеді.

  • Көшіру

    Құжаттардың көшірмесін жасауға мүмкіндік береді.

  • Сканерлеу

    Құжаттарды сканерлеуге және оларды компьютерге сақтауға мүмкіндік береді.

  • Факс

    Факстарды жіберуге мүмкіндік береді.

  • Қызмет көрсету

    Басып шығару сапасын жақсарту үшін ұсынылатын әрекеттерді, соның ішінде саңылауды тексеру үлгісін басып шығару және құралдың механизмін тазалау, сондай-ақ басып шығару механизмін теңестіру арқылы баспалардағы дақтар мен сызықтарды кетіру әрекеттерін көрсетеді. Сондай-ақ, реттеулерді Параметрлер мәзірінен жасауға болады.

    Параметрлер > Қызмет көрсету

  • Параметрлер

    Техникалық қызмет көрсетуге, принтердің параметрлеріне және операцияларға қатысты реттеулерді жасауға мүмкіндік береді.

Экранды оңға айналдырады.