PIN кодын пайдалану арқылы сымсыз маршрутизаторға автоматты түрде қосуға болады. Бұл әдісті сымсыз маршрутизаторда WPS (Wi-Fi қорғалған орнату) бар болғанда орнату үшін пайдалана аласыз. Сымсыз маршрутизаторға PIN кодын енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.
Негізгі экраннан
түймесін түртіңіз.
Wi-Fi (Ұсынылған) параметрін таңдаңыз.
Егер принтер Ethernet қосылымы арқылы бұрыннан қосылса, Роутер параметрін таңдаңыз.
Орнатуды бастау түймесін түртіңіз.
Егер желі қосылымы бұрыннан орнатылған болса, қосылым мәліметтері көрсетіледі. Параметрлерді өзгерту үшін Параметрлерді өзг. түймесін түртіңіз.
Егер принтер Ethernet қосылымы арқылы бұрыннан қосылса, Wi-Fi қосылымына өзгеріс енгізіңіз. түймесін түртіңіз, содан соң хабарды тексергеннен кейін Иә параметрін таңдаңыз.
Басқалар > PIN Код орнату (WPS) параметрін таңдаңыз.
Принтердің басқару тақтасында көрсетілетін PIN кодын (сегіз цифрлық сан) сымсыз машрутизаторға екі минут ішінде енгізу үшін компьютерді пайдаланыңыз.
PIN кодын енгізу туралы мәліметтер алу үшін, сымсыз маршрутизатормен бірге берілген құжаттаманы қараңыз.
Принтердің басқару тақтасында Орнатуды бастау түймесін түртіңіз.
Экранды жабыңыз.
Белгілі бір уақыт өткеннен кейін экран автоматты түрде жабылады.
Егер қосылым сәтсіз аяқталса, сымсыз маршрутизаторды қайта іске қосып, оны принтерге жақындатыңыз, содан соң әрекетті қайталаңыз. Егер ол әлі де жұмыс істемесе, қосылым есебін басып шығарып, шешімді тексеріңіз.
Желі қосылым параметрлері экранын жабыңыз.