> Түпнұсқаларды орналастыру > Түпнұсқаларды сканер әйнегіне қою

Түпнұсқаларды сканер әйнегіне қою

  1. Құжат қабын ашыңыз.

  2. Сканер әйнегінің бетіндегі шаңды не дақты жұмсақ, құрғақ, таза шүберекпен кетіріңіз.

    Ескертпе:

    Сканер әйнегі лас болса, оны қамту үшін сканерлеу аумағы үлкеюі мүмкін, осылайша түпнұсқаның суреті кішіреюі не дұрыс орналаспауы мүмкін.

  3. Түпнұсқаны төмен қаратып қойып, бұрыш белгісіне қарай сырғытыңыз.

    Ескертпе:
    • Сканер әйнегінің бұрыштарынан 1,5 мм ауқымы сканерленбейді.

    • Түпнұсқалар ADF және сканер әйнегінің үстіне қойылған кезде, басымдық ADF үстіндегі түпнұсқаларға беріледі.

  4. Қақпақты ақырындап жабыңыз.

    Абайлаңыз:

    Құжат қабын жапқан кезде саусақтарыңызды қысып алмаңыз. Кері жағдайда, жарақат алуыңыз мүмкін.

    Маңызды:
    • Кітаптар сияқты үлкен түпнұсқаларды қойғанда сыртқы жарықтың тікелей сканер әйнегінің түсуін болдырмаңыз.

    • Сканер әйнегіне немесе құжат қабына тым қатты күш түсірмеңіз. Кері жағдайда, олар зақымдалуы мүмкін.

  5. Сканерлегеннен кейін түпнұсқаларды алып тастаңыз.

    Ескертпе:

    Егер түпнұсқаларды сканер әйнегінің бетінде ұзақ уақыт қалдырсаңыз, түпнұсқа әйнектің бетіне жабысып қалуы мүмкін.