> Сканерлеу > Түпнұсқаларды компьютерге сканерлеу

Түпнұсқаларды компьютерге сканерлеу

Ескертпе:

Бұл мүмкіндікті пайдалану үшін компьютерге келесі қолданбалар орнатылғанын тексеріңіз.

  • Epson ScanSmart (Windows 7 немесе одан кейінгі нұсқасы не OS X El Capitan немесе одан кейінгі нұсқасы)

  • Epson Event Manager (Windows Vista/Windows XP немесе OS X Yosemite/OS X Mavericks/OS X Mountain Lion/Mac OS X v10.7.x/Mac OS X v10.6.8)

  • Epson Scan 2 (сканер функциясын пайдалану үшін қажетті қолданба)

Орнатылған қолданбаларды тексеру үшін келесі бөлімді қараңыз.

Windows 10: бастау түймесін басыңыз, содан соң Windows жүйесіБасқару тақтасыБағдарламаларБағдарламалар мен мүмкіндіктер бөлімін таңдаңыз.

Windows 8.1/Windows 8: Жұмыс үстеліПараметрлерБасқару тақтасыБағдарламаларБағдарламалар мен мүмкіндіктер бөлімін таңдаңыз.

Windows 7/Windowes Vista: бастау түймесін басыңыз, содан соң Басқару тақтасыБағдарламаларБағдарламалар мен мүмкіндіктер бөлімін таңдаңыз.

Windows XP: бастау түймесін басыңыз, содан соң Басқару тақтасыБағдарламаларды қосу немесе жою бөлімін таңдаңыз.

Mac OS: Өту > Қолданбалар > Epson Software тармағын таңдаңыз.

  1. Түпнұсқаларды қойыңыз.

    Түпнұсқаларды сканер әйнегіне қою

    Түпнұсқаларды ADF құрылғысына қою

  2. Басқару тақтасындағы Сканерлеу > Компьютер параметрін таңдаңыз.

  3. Сканерленген кескіндерді сақтайтын компьютерді таңдаңыз.

    • Егер Компьютер таңдау экраны көрсетілсе, экраннан компьютерді таңдаңыз.
    • Егер Компьютерге сканерлеу экраны көрсетілсе және компьютер таңдалып қойылса, таңдалған компьютер дұрыс екенін тексеріңіз. Егер компьютерді өзгерту қажет болса, параметрін таңдаңыз, содан соң басқа компьютерді таңдаңыз.
  4. Сканерленген кескінді компьютерге сақтау әдісін таңдау үшін параметрін таңдаңыз.

    • Компьютерде алдын ала көру (Windows 7 немесе кейінгі нұсқасы не OS X El Capitan немесе кейінгі нұсқасы): кескіндерді сақтау алдында сканерленген кескінді компьютерде алдын ала қарайды.
    • JPEG пішімінде сақтау: сканерленген кескінді JPEG пішімінде сақтайды.
    • PDF пішімінде сақтау: сканерленген кескінді PDF пішімінде сақтайды.
  5. түймесін түртіңіз.

    Windows 7 немесе кейінгі нұсқасын не OS X El Capitan немесе кейінгі нұсқасын пайдаланғанда: Epson ScanSmart қолданбасы компьютерде автоматты түрде іске қосылып, сканерлеу басталады.

    Ескертпе:
    • Бағдарламалық құралға арналған жұмыс туралы толық ақпаратты алу үшін Epson ScanSmart анықтамасын қараңыз. Анықтаманы ашу үшін Epson ScanSmart экранындағы Help түймесін басыңыз.

    • Сканерлеуді принтерден ғана емес, Epson ScanSmart қолданбасы арқылы компьютерден де бастауға болады.