Тым жіңішке сызықтарды басып шығару үшін, оларды қалыңдатуға болады.

Қағазды принтерге салыңыз.
Басып шығарғыңыз келген файлды ашыңыз.
Файл мәзірінен Басып шығару немесе Басып шығаруды реттеу пәрменін таңдаңыз.
Принтеріңізді таңдаңыз.
Принтердің драйвер терезесіне кіру үшін Параметрлер немесе Сипаттар опциясын таңдаңыз.
Сурет опциялары түймесін Қосымша опциялар қойындысындағы Түсті түзету бөлімінен басыңыз.
Жіңішке сызықтарды бөлектеу параметрін таңдаңыз.
Басты және Қосымша опциялар қойындыларындағы басқа элементтерді орнатыңыз да, OK түймесін басыңыз.
Басып шығару түймесін басыңыз.