Қағаз көзіне салған қағаз өлшемін және қағаз түрін таңдаңыз.Қағаз өлшемі мен қағаз түріне Таңд.қағаз пар-рі жасауға болады.
Басып шығару басымдылығын қағаз науасына жүктелген қағазға беру үшін Қосу параметрін таңдаңыз.
Letter өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзі жоқ кезде қағазды A4 өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзінен беру үшін Қосу параметрін таңдаңыз немесе қағазды A4 өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзі жоқ кезде Letter өлшемі ретінде орнатылған қағаз көзінен беріңіз.
Қағаз шығарыла бастағанда, қағаз басып шығару тапсырмаларының қағаз параметрлерімен бірдей параметрлерге ие қағаз көзінен автоматты түрде беріледі. Көшіру, факс жіберу немесе басқа жағдайлардағы әрбір функция үшін әрбір қағазға арналған автоматты таңдауды орнатуға болады. Барлығын өшірулі күйіне орнату мүмкін емес.
Бұл параметр басып шығару тапсырмаларына арналған қағаз параметрлерінде арнайы қағаз көзін таңдағанда өшіріледі. Принтер драйверінің Басты қойындысындағы қағаз түрі параметріне байланысты қағаз автоматты түрде берілмеуі мүмкін.
Принтер драйверінің көмегінсіз сыртқы құрылғы арқылы басып шығарған кезде осы басып шығару параметрлері қолданылады. Принтер драйвері арқылы басып шығарған кезде жылжу параметрлері қолданылады.
Қағаздың жоғарғы жиегін реттеңіз.
Қағаздың сол жақ жиегін реттеңіз.
2 жақты басып шығару орындаған кезде беттің артқы жағының жоғарғы жиегін реттеңіз.
2 жақты басып шығару орындаған кезде беттің артқы жағының сол жақ жиегін реттеңіз.
Басып шығару алдында қағаз енін тексеру үшін Қосу параметрін таңдаңыз. Қағаз өлшемінің параметрлері қате болған кезде бұл қағаз жиектерінің сыртында басып шығаруға тыйым салады, бірақ бұл басып шығару жылдамдығын азайтуы мүмкін.
Басып шығару дерегіндегі бос беттерді автоматты түрде өткізіп жібереді.
2-жақты басып шығару қатесі немесе жад толы қатесі пайда болған кезде орындайтын әрекет таңдаңыз.
Қосу
2 жақты басып шығару қатесі пайда болғанда ескертуді көрсетіп, бір жақты режимінде басып шығарады немесе жад толы қатесі пайда болғанда принтер өңдей алатын элементті ғана басып шығарады.
Өш.
Қате туралы хабарды көрсетеді және басып шығарудан бас тартады.
Басып шығаруларға сияның жағылуын болдырмау үшін Қосу параметрін таңдаңыз, бірақ ол басып шығару жылдамдығын төмендетуі мүмкін.
Басып шығару барысында шуылды азайту үшін Қосу параметрін таңдаңыз, бірақ ол басып шығару жылдамдығын төмендетуі мүмкін.Таңдаған қағаз түрі мен басып шығару сапасының параметрлеріне байланысты принтердің шуыл деңгейінде өзгешелік болмауы мүмкін.